Колледжімізде оқу үдерісіне сәйкес, 1 курс студенттерінің бір аптаға созылған оқу-дала жиыны аяқталды.

Мақсат – қарулы күштердің мәртебесін арттырып, жастарды отан сүйгіштікке тәрбиелеу, АӘД пәнінен алған теориялық білімдерін іс-тәжірибе негізінде жетілдіру. Мүмкіндігінше әскери талапқа сәйкестендірілген оқу-дала жиыны барысында ұл балаларда әскери топография жөнінде практикалық сабақтар өткізіліп, тактикалық дайындык, атыс дайындық, саптық дайындық машықтары үйретілсе, ал қыздарымыз алғашқы медициналық жәрдем көрсетудің қыр-сырын меңгерді. Сондай-ақ, оқу-дала жиынының салтанатты жабылу рәсімінде көзге түскен белсенді жас сарбаздар марапатталды!

Ауа-райының қолайсыздығына байланысты кейбір күндері оқу-дала жиыны колледжіміздің спорт зал кешенінде өткізілді.

#

Comments are closed