«Ахмет Ясауи Колледжі» оқушыларының ата-аналары арасында жиналыс өтілді. Жиналысқа — директордың оқу жұмысы жөніндегі орынбасары Д.Еркебалаев, директордың тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары Ш.Надирбаев, Түркістан ҚПБ-ның ЖПҚ кәмелетке толмағандар ісі жөніндегі инспекторы, УПИ полиция капитаны Ы.Сүйеубеков, «Есептеу техникасы және бағдарламамен қамтамасыздандыру» бөлімше меңгерушісі І.Керімбек, педагог-психолог Б.Бекенова, әлеуметтік педагог К.Арысбек, топ жетекшілері мен ата-аналар қатысты.

Күн тәртібінде:

1. Оқушылардың оқу үлгерімдері және пәндерге ынтасы мен қызығушылығын мәлімдеу.

2. Балалардың тәртіп ережелерін сақтауы туралы мәлімдеу.

3. «Қауіпсіздік ережелері» туралы ата-аналарға хабарлау.

4. Колледж психологы Б.Бекенова «Кәмелетке толмағандар арасындағы суицидтік мінез-құлықтың алдын алу және балаларға қатысты буллингтің алдын алу» баяндамасы

5. Әр түрлі сұрақтар

Жиналыста оқушылардың сабаққа қатысуы мен дайындығын бақылау, топтың білім сапасын көтеру, қауіпсіздік ережелерін ата — аналар балаларына үнемі топ жетекшісімен қатар түсіндіруі, топ оқушыларының оқу сапасының көтерілуін топ жетекшісі мен пән оқытушылары, ата — аналар бірлесіп жұмыс жасау керектігі және күнделікті оқушылардың тәртібіне баса назар аудару, сабақтан тыс уақыттағы өмір қауіпсіздігі, үйінде болуы, сабақтан қалмауы кешкі уақыттарда сабақтан тыс кездерде бей-берекет көшеге шығармау туралы ескертілді. Ағымдағы мәселелер жайлы жалпы ата аналарға сөз берілді. Ата-аналар өздерінің қызықтыратын сұрақтары мен ұсыныстарын айтты.

#

Comments are closed