Бейнелеу өнерін үйретуде шығармашылық білім алушы оқушылардың реалистік өнерді терең меңгеруге, оның заңдылықтары мен есептерін түсіне білуге тəрбиелеудің маңызы зор. Шеберлік игерген, білім мен дағдыны практикалық тапсырмаларды орындауда ұтымды қолдана алу қабілеті арқылы колледжімізде КДН-0920 тобы аралық аттестациялауда «Арнайы сурет» пәнінен А3 қағаз бетіне натюрморттың композициялық шешімін табу, сызықты перспектива арқылы дененің құрылымдық негізін салу, жарық пен көлеңке шығару, заттардың фактурасын штрихтау, бейнені толық аяқтау және т.б арнайы сурет модулінен жыл бойы игерген білімдерінің нәтижесін көрсетті.
Comments are closed