«Бағдарламалау және дизайн» пәндік-циклдік комиссия бірлестігінің ұйымдастыруымен өтіп жатқан «Digital & Design» атты апталық іс-шарасы аясында 23-ші қазан күні «Бүкіл әлем сөйлейді нақты ғылым тілінде» атты МИФ лидерін анықтау сайысы өтті. Сайысқа ЕТБ-0924-2, ЕТБ-0924-4, ВДН-0924, ЭЕМ-0924-2, ТКА-0924-2 топтарынан құралған командалар қатысты. Жалпы 5 кезеңнен тұратын бәйгеде, студенттер өздерінің математика, информатика, физика пәндері бойынша білімдерін ортаға салды. Олар өздерінің білімдерімен қатар жылдамдықтары, ой ұшқырлықтарын танытты. Жарысқа қолдау көрсетіп, көрермен болып бірлестігіміздің ұстаздары қатысып, студенттерді әділ бағалап, дипломдармен марапаттады. Ұстаздар іс-шара соңында өздерінің ізгі тілектерін арнап, студенттер осындай сабақтан тыс іс-шаралардың көптеп өтуіне деген ынталарын көрсетті.

#

Comments are closed