«Заң мен тәртіп» қағидаты аясында оқу ордамызда жастар арасында нашақорлықтың алдын алу, есірткінің зияны туралы түсінік қалыптастыру, құқықтық сауаттылықты арттыру және салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында Құқықтану пәнінің мұғалімі Ұ. Әсенханның ұйымдастыруымен «Жастар есірткіге қарсы!» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді.
Кездесу барысында есірткінің адам денсаулығына, психологиялық жағдайына және қоғам өміріне тигізетін кері әсері кеңінен талқыланды. Сонымен қатар есірткі заттарын заңсыз сақтау, тарату және қолдану әрекеттері үшін Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жауапкершілік туралы түсіндірме жұмыстары жүргізілді.
Іс-шараға қатысушылар өз ойларын ортаға салып, пікір алмасты. Жастардың назарын жеке денсаулыққа жауапкершілікпен қарауға, заң талаптарын сақтауға және саналы таңдау жасауға аударды.
Жарқын болашақ – есірткісіз өмір мен дұрыс таңдаудан басталады!
Біз есірткісіз қоғамды қолдаймыз! Әрбір жас білім мен спортты серік етіп, өз болашағына сеніммен қадам басуы тиіс.
Есірткіге жол жоқ! Салауатты өмір салтын бірге таңдайық!

#

Comments are closed