«Әлеуметтік және педагогикалық» пәндік (циклдік) комиссия бірлестігінің “Білекті-бірді жығады, білімді-мыңды жығады” тақырыбындағы айлық іс-шара жоспарына сәйкес дене шынықтыру пәнінің оқытушылары ұйымдастыруымен сәуір айының 24-28 күндері аралығында колледжіміздің топтары арасында “ФУТЗАЛДАН” топ аралық жарысы “Дене тәрбиесі және спорт” мамандығының оқытушылары А.Кеңесбай мен Д.Турсуновтың ұйымдастыруымен өтілді.
Жарыстың мақсаты мен міндеттері
– студенттерді дене шынықтыру және спорт жүйесі сабақтарына назарын аударту;
– колледж студенттері арасындағы спорттық ойын түрлерін дамыту;
– жастардың физикалық, техника-тактикалық, моральдық-еріктік деңгейін аңғару;
– жарыстарда өз күшін жинақтап, мақсатты түрде қолдануға және басқа командалармен салыстыруға сондай-ақ, өз эмоцияларын басқаруға баулу;
– колледж құрамасына жас спортшыларды іріктеу жүргізу.
– салауатты өмір салтын насихаттау, студенттердің шеберліктерін шыңдау.
Қызу да тартысты өткен ойынның қорытындысы бойынша
I орынды ДТС-0919 тобының студенттері;
II орынды ЗҚТ-0920-2 тобының студенттері;
III орынды ДТС-0920 тобының студенттері
Сонымен қатар, “үздік” нәтиже көрсеткендер
“Үздік қақпашы” – Нәзір Әділет ДТС-0921-1;
“Үздік қорғаушы” – Кәрібай Ердәулет ДТС-0920;
“Үздік қорғаушы” – Атабаев Шухрат ЗҚТ-0920-2;
“Үздік шабуылдаушы” – Диметов Шамурод – ДТС-0921-1;
“Үздік ойыншы” – Омар Айбол – ДТС-0919-1.
Шәкірттеріміздің жаңа кәсіби биіктерді бағындыра берулеріне тілектеспіз.
Comments are closed