24-28 сәуір аралығында Түркістан облысы колледждерінің студенттері арасында Worldskills Turkistan-2023 чемпионаты өтті. Облыстық байқауда техникалық және кәсіптік білім беру орындарының 200-ден астам студенті бақ сынады.
Ахмет Ясауи Университетіне қарасты Ахмет Ясауи Колледжі 33 құзыреттіліктің 12-нен байқауға қатысып, 4 мамандық бойынша I-орын:
— Мобильді робототехника;
— Ақпараттық кабельдік желілер;
— Бизнестегі IT-шешімдер;
— Графикалық дизайн.
2 мамандық бойынша II-орын:
— Веб-технологиялар;
— Компьютерлік ойындарға арналған 3D модельдеу.
2 мамандық бойынша III-орын:
— CAD инженерлік графикасы;
— Мобильді қосымшаларды әзірлеу құзыреттіліктері бойынша жүлдегер атанды. Сонымен қатар, «Аспаз» мамандығы бойынша қатысқан студентіміз жақсы нәтиже көрсеткені үшін арнайы медальонге ие болды.
Колледж командалары жалпы есепте 9 жүлде: 4 алтын, 2 күміс, 2 қола және 1 медальон жеңіп алды.
Жеңімпаздар мен жүлдегерлер Түркістан Облысының Білім Басқармасы тарапынан арнайы дипломдармен және қаржылай марапатталды.
4 жеңімпаз командамыз маусым айында Астана қаласында өтетін ұлттық чемпионатта облысымыздың намысын қорғайтын болады.








Comments are closed