«Әлеуметтік және педагогикалық» пәндік (циклдік) комиссия бірлестігінің «Білекті-бірді жығады, білімді-мыңды жығады» тақырыбындағы айлық іс-шара жоспарына сәйкес дене шынықтыру пәнінің оқытушылары ұйымдастыруымен сәуір айының 24-28 күндері аралығында колледжіміздің топтары арасында «ФУТЗАЛДАН» топ аралық жарысы «Дене тәрбиесі және спорт» мамандығының оқытушылары А.Кеңесбай мен Д.Турсуновтың ұйымдастыруымен өтілді.

Жарыстың мақсаты мен міндеттері

— студенттерді дене шынықтыру және спорт жүйесі сабақтарына назарын аударту;

— колледж студенттері арасындағы спорттық ойын түрлерін дамыту;

— жастардың физикалық, техника-тактикалық, моральдық-еріктік деңгейін аңғару;

— жарыстарда өз күшін жинақтап, мақсатты түрде қолдануға және басқа командалармен салыстыруға сондай-ақ, өз эмоцияларын басқаруға баулу;

— колледж құрамасына жас спортшыларды іріктеу жүргізу.

— салауатты өмір салтын насихаттау, студенттердің шеберліктерін шыңдау.

Қызу да тартысты өткен ойынның қорытындысы бойынша

I орынды ДТС-0919 тобының студенттері;

II орынды ЗҚТ-0920-2 тобының студенттері;

III орынды ДТС-0920 тобының студенттері

Сонымен қатар, «үздік» нәтиже көрсеткендер

“Үздік қақпашы” — Нәзір Әділет ДТС-0921-1;

“Үздік қорғаушы” — Кәрібай Ердәулет ДТС-0920;

“Үздік қорғаушы” — Атабаев Шухрат ЗҚТ-0920-2;

“Үздік шабуылдаушы” — Диметов Шамурод — ДТС-0921-1;

“Үздік ойыншы” — Омар Айбол — ДТС-0919-1.

Шәкірттеріміздің жаңа кәсіби биіктерді бағындыра берулеріне тілектеспіз.

#

Comments are closed