2026 жылғы 19 қазанда колледжімізде оқытушы Тыныштықбай Қазынаның ұйымдастыруымен ТКА-1126 тобының студенттеріне «Кондитерлік өнімдерді пісіру» тақырыбында ашық сабақ өткізілді.
Сабақтың мақсаты – білім алушылардың кондитерлік өнімдерді пісіру технологиясы бойынша кәсіби білімдерін жетілдіру, технологиялық талаптарды сақтау және дайын өнімнің сапасын бағалау дағдыларын қалыптастыру.
Сабақ барысында студенттер интерактивті тапсырмалар мен тәжірибеге бағытталған жұмыстар арқылы теориялық білімдерін бекітіп, кәсіби дағдыларын дамытты.
Ашық сабақ білім алушылардың кәсіби құзыреттілігін арттыруға және мамандыққа деген қызығушылығын нығайтуға бағытталды.

Comments are closed