«Түркістан Ахмет Ясауи» кәсіби колледжінің «Ветеринария» мамандығы бойынша білім алатын ВЕТ-0926 тобының студенттері «Бөрте Милка» сүт өндіру кәсіпорнына танымдық экскурсия жасады.
🔹 Экскурсияның мақсаты – студенттердің теориялық білімдерін өндірістік тәжірибемен ұштастыру, мал шаруашылығындағы заманауи технологиялармен таныстыру және кәсіби құзыреттіліктерін дамыту.
🐄 Экскурсия барысында студенттер жоғары сүт өнімділігімен ерекшеленетін Голштейн тұқымды сиырлардың күтімі, азықтандырылуы, өнімділігін арттыру жолдары және сүт сапасына әсер ететін негізгі факторлар туралы тәжірибелік мәліметтер алды.
🔬 Сонымен қатар малды қолдан ұрықтандыру технологиясына ерекше назар аударылып, оның асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытудағы, генетикалық әлеуетті жақсартудағы және селекциялық жұмысты жетілдірудегі маңызы түсіндірілді.
✅ Мұндай өндірістік экскурсиялар болашақ ветеринар мамандардың кәсіби дүниетанымын кеңейтіп, алған білімдерін нақты өндірістік үдерістермен байланыстыруға мүмкіндік береді.

#

Comments are closed