«Түркістан Ахмет Ясауи» кәсіби колледжінде «Еңбек пен елдік: білімді ұрпақ – жарқын болашақ» атты айлық іс-шара аясында «Тамақтандыруды ұйымдастыру» және «Кондитер» мамандықтарының білім алушылары арасында «Үздік кондитер – 2026» кәсіби шеберлік байқауы ұйымдастырылды.
Байқаудың мақсаты – білім алушылардың шығармашылық әлеуетін арттыру, кондитерлік өнерге қызығушылығын дамыту және кәсіби шеберліктерін жетілдіру.
👩🍳 Байқау үш модуль бойынша өткізілді:
🔹 А модулі – «Бисквит дайындау»;
🔹 В модулі – «Бенто тортын безендіру»;
🔹 С модулі – «Мастикамен жұмыс».
Байқау барысында қатысушылар өздерінің кәсіби біліктілігін, шығармашылық ізденісін, ұқыптылығы мен эстетикалық талғамын көрсетті. Әрбір жұмыс өзіндік ерекшелігімен және орындалу шеберлігімен бағаланды.
🏆 БАЙҚАУ ЖЕҢІМПАЗДАРЫ:
🥇 І орын – Абдраш Назерке
🥈 ІІ орын – Талдыбай Мақсат
🥉 ІІІ орын – Мәдібай Айым
🌟 «Ерекше медальон» номинациясы – Ахметов Даулет
🎨 «Креативті кондитер» номинациясы – Амангелді Фатима
Байқауды ұйымдастыруға атсалысқан жауапты оқытушылар М. Алтаева, Қ.Әбдіқан және Қ.Тыныштықбайға алғыс білдіреміз.
👏 Жеңімпаздар мен жүлдегерлерді құттықтай

Comments are closed