25 қазан – Республика күніне орай колледжімізде білім алушылардың азаматтық ұстанымын нығайту, отансүйгіштік сезімін арттыру және сыни ойлау қабілетін дамыту мақсатында «Менің Республикам» тақырыбында пікірсайыс ұйымдастырылды.
Іс-шара барысында қатысушылар еліміздің тарихы мен тәуелсіздіктің құндылығы, ұлттық мұра, жастардың қоғамдағы рөлі және Қазақстанның болашағы туралы ой бөлісті.
Білім алушылар өз пікірлерін нақты дәлелдермен қорғап, қарсы тараптың көзқарасына құрмет таныта отырып, шешендік шеберліктері мен еркін ойлау қабілеттерін көрсетті.
✨ Мұндай интеллектуалдық алаңдар жастардың көшбасшылық қасиеттерін дамытып, азаматтық жауапкершілігін арттыруға ықпал етеді.
🇰🇿 Еліміздің жарқын болашағы – білімді, саналы әрі белсенді жастардың қолында!

Comments are closed