2023 жыл 28.04. күні «Оқуға құштар колледж» тұжырымдамасын жүзеге асыру мақсатында биология пәнінің оқытушысы Е.Монтай ВЕТ-0922 тобы студенттерімен бірлесе отырып «Кітапты бірге оқимыз» атты библио-кросс ұйымдастырды.

Мақсаты: студенттерді аты аңызға айналған қазақтың талантты ақыны Қасым Аманжоловтың өмірі және шығармашылығымен таныстырып, жыр шумақтарын, әндерін айта отырып, туған өлкесі туралы мол мәлімет беру арқылы білімдерін нақтылап, олардың бойына сүйіспеншілік және туған жерге, өлкеге деген патриоттық сезімді қалыптастыру, кітап оқуға қызығушылықтарын арттыру.

Студенттер назарына Қасым Аманжолов туралы бейнебаян көрсетіліп, оның өмірбаяны және шығармашылығы таныстырылды. Білім алушылардың өздері ақиық ақын поэзиясының сүйікті оқырмандары екендіктерін айтып, өлеңдер мен поэмалар жинағынан «Өзім туралы» өлең жолдарын мәнерлеп оқып, ақын шығармашылығын өзге оқырмандарға оқуға шақырды.

#

Comments are closed