• Түркістан қ., Тәуке хан даңғылы №340
  • Байланыс:+7 (72533) 3-10-11
  • ДC - ЖМ: 8:00 AM - 19:00 PM

Өндіріспен танысты

Май 2, 2023 Жаңалықтар

Ахмет Ясауи Колледжінде «Ветеринария» мамандығы бойынша білім алушы 1-курс студенттері оқу ордамыздың әлеуметтік әріптесі болып табылатын «Бөрте Милка» компаниясының қызметімен танысып қайтты. Бүгінгі таңда дуальды оқыту жүйесі негізінде әр апта сайын колледжіміздің 4 білім алушысын өндірістік тағылымдамадан өткізуге мүмкіндік беріп отырған «Бөрте Милка» кәсіпорны еліміздегі іргелі өндіріс орны болып саналады.