«Бағдарламалау және дизайн» пәндік-циклдік комиссия бірлестігінің ұйымдастыруымен өтіп жатқан «Digital&design» атты апталық іс-шарасы аясында физика пәні оқытушысы Манжан Ақжайсан қазан айының 24-і күні ЕТБ-0924-2 тобынa «Газ заңдары» тақырыбында ашық сабақ өтті.
Мақсаты: Оқушыларға изопроцестердің негізгі түрлерін (изотермиялық, изобаралық, изохоралық) түсіндіру. Графиктерді қолдана отырып, изопроцестердің сипатын талқылау. Есептер шығару арқылы процестерді нақты мысалдармен бекіту. Ашық сабақта жаңа технологиялық бағдарламалар қолданылды: «Wheel spinner» әдісі, «Виртуалды эксперимент» әдісі, «Randomizer» әдісі, «Froggy jumps» әдісі, «Смайлик» әдісі. Бұл әдістер өз кезегінде оқушылардың пәнге деген қызығушылықтарын арттырып, сабаққа белсенді қатысуға үлесін тигізді.
Comments are closed