2023 жылы 01-30.04 күндері аралығында “Әлеуметтік және педагогикалық” пәндік (циклдік) комиссия бірлестігінің “Білекті-бірді жығады, білімді-мыңды жығады” тақырыбындағы айлық іс-шара жоспарына сәйкес арнайы пән оқытушысы Г.Қалдыкөзова ЭЕА-1122-1 тобының студенттеріне “Қайырымдылық-адам жанының нұры” тақырыбында ашық тәрбие сағатын өтті. Мақсаты: оқушыларға адам бойындағы ерекше қасиет туралы түсіндіру, қайырымдылық қасиетке, адамгершілікке тәрбиелеу. Түркістан қаласында тұратын жалғыз басты, көп балалы Қасымбекова Роза анаға барып, топ жетекшісі мен студенттер азық-түлікпен және оқуға қажетті құрал-саймандармен қамтамасыз етті.
Comments are closed