• Түркістан қ., Тәуке хан даңғылы №340
  • Байланыс:+7 (72533) 3-10-11
  • ДC - ЖМ: 8:00 AM - 19:00 PM

Кезекті ашық сабақ өтілді

Апр 11, 2023 Жаңалықтар

2023 жылы 01-30.04 күндері аралығында «Әлеуметтік және педагогикалық» пәндік (циклдік) комиссия бірлестігінің «Білекті-бірді жығады, білімді-мыңды жығады» тақырыбындағы айлық іс-шара жоспарына сәйкес арнайы пән оқытушысы Г.Қалдыкөзова ЭЕА-1122-1 тобының студенттеріне «Қайырымдылық-адам жанының нұры» тақырыбында ашық тәрбие сағатын өтті. Мақсаты: оқушыларға адам бойындағы ерекше қасиет туралы түсіндіру, қайырымдылық қасиетке, адамгершілікке тәрбиелеу. Түркістан қаласында тұратын жалғыз басты, көп балалы Қасымбекова Роза анаға барып, топ жетекшісі мен студенттер азық-түлікпен және оқуға қажетті құрал-саймандармен қамтамасыз етті.