2023 жыл 24 мамыр күні «Түркістан Ахмет Ясауи» кәсіби колледж кітапханасында «Оқуға құштар колледж» жобасы аясында студенттерді кітап оқуға қызықтыру, кітапқа деген сүйіспеншілігін арттыру және колледжіміздің білімді де талантты оқырманын анықтау мақсатында кітапқұмар жастардың арасында «Кітапхананың үздік оқырманы” сайысы өткізілді. Сайысқа қатысқан КДН-0922-1, ЕТБ-0922-1, ЕТБ-0922-2 және ЕТБ-0922-3 топтарының студенттері 5 кезең бойынша бақтарын сынап, қазақ жазушыларының көркем шығармалары туралы білімдерімен қатар өз өнерлерін көрсетті.

Сайыс қорытындысы бойынша әділқазылардың ұйғарымымен ЕТБ-0922-1 тобының студенті Кәтіп Нұржан “Кітапхананың үздік оқырманы” атанып,

ЕТБ-0922-3 тобының студенті Омаш Алмат «Білімді оқырман»;

КДН-0922-1 тобының студенті Ізбасар Сабира «Белсенді оқырман»;

ЕТБ-0922-1 тобының студенті Шукурулла Умида «Тапқыр оқырман;

КДН-0922-1 тобының студенті Боранбай Айша «Зейінді оқырман номинацияларымен марапатталды, ал қалған қатысушы студенттерге іс-шараға белсене қатысқаны үшін дипломдар табысталды.

Шара оқырман қауымның көңілдерінен шығып, өте қызықты әрі тартымды өтті.

#

Comments are closed