«Оқуға құштар колледж» жобасын іске асыру мақсатында колледж кітапханасының оқу залында кітап көрмесі ұйымдастырылды.

Іс-шараның мақсаты – білім алушылардың оқырмандық мәдени тәрбиесін жандандыру, біліктілігін дамыту, көркем әдебиет оқуға деген сүйіспеншілігі мен қызығушылығын арттыру, кітап оқу арқылы мәдениеттілікке, әдептілікке тәрбиелеу, кітапхана мен оқырмандар арасындағы байланысты нығайту.

Көрмеге қоғамның қалыптасуына атсалысқан Сағат Әшімбаев, Рахманқұл Бердібай, Рымғали Нұрғали, Әбіш Кекілбаев, Дінмұхамед Қонаев, т.б. сынды ардагерлеріміздің өнегелі өмірі мен ғылыми жетістіктері, атқарған қызметтері, ғылыми еңбектері, мақалалары баяндалатын «Өнегелі өмір» сериясымен жарық көрген, сонымен қатар ұлт руханиятының діңгегі саналатын қабырғалы қазақ әдебиетін кеңінен насихаттап, оның озық үлгілерін бүгінгі ұрпаққа жеткізіп, таныстыру мақсатында қазақ әдебиеті дамуына ерекше үлес қосқан танымал жазушылардың, ақындардың және қоғам қайраткерлерінің «Алтын қалам», «Әдебиет әлемі», «Қазақтың 100 романы», «Қазақтың 100 поэмасы» сериялары аясында шыққан кітаптары қойылды.

Іс-шараға қатысқан ЕТБ-0921-2, ЕТБ-0922-1, ЕТБ-0922-3, ВЕТ-0922, ДТС-0922-1 және ДТС-0922-3 тобының студенттері әрбір кітап қайталанбас оқиға, бір-біріне ұқсамайтын тағдыр екендігін айтып, өз ойларын, пікірлерін ашық толыққанды жеткізді.

#

Comments are closed