2023-2024 оқу жылының шілде айының 3-і күні «Түркістан Ахмет Ясауи» кәсіби колледжі түлектерінің салтанатты диплом беру кеші өтті.

Жалпы колледж бітіруші топтар саны – 20, 17 студент қызыл диплом иегері атанды.

Колледж директоры А.Кенжалиев пен директордың оқу жұмысы жөніндегі орынбасары Д.Еркебалаев колледждің бітіруші түлектеріне дипломды салтанатты түрде табыстады. Колледж бітірушілердің диплом алу салтанатына Жастар ресурстық орталығы КММ-нің басшы орынбасары Пердебек Сержанұлы және жұмыс беруші мекеме өкілдері арнайы қонақ ретінде шақырылып, жас мамандарға ақ тілектерін арнап, бітіруші түлектерге ел игілігіне еңбек етуге шақырды.

Колледжімізде дəстүрге айналған кеш өте қызықты да əсерлі өтті. Салтанатты кеште колледждің қоғамдық өміріне белсене қатысып жүрген студенттердің және үздік диплом иегерлерінің ата-аналары колледж директоры атынан Алғыс хаттармен марапатталды.

Болашаққа бағыт алған дарынды түлектеріміз еліміздің білікті, тәжірибелі маманы болсын! Жолың болсын, ЖАС МАМАН!

#

Comments are closed