2023 жылы 7 қараша күні «Бағдарламалау және дизайн» пәндік (циклдік) комиссия бірлестігінің арнайы пән оқытушылары А.Қуанышбек пен Қ.Қожамұратова айлық іс-шара жоспарына сәйкес ВДН-0922-1, ЕТБ-0922-2, ЕТБ-0922-1 топ студенттеріне «Көшбасшылық асыл қасиет» интеллектуалды сайысын ұйымдастырды.

Сайыстың негізгі мақсаты – білім алушылардың танымдық және өздігінен ойлау қабілеттерін дамыту, білімге құштарлығын, белсенділігін, көшбасшылық қабілеттерін арттыру.

Интелектуалды сайыс «Таныстыру», «Ой ширату», «1001 мақал, 101 жұмбақ.», «Менің шығармашылық қабілетім», «Жағдаяттық тапсырма» атты 5 кезеңді қамтыды. Әрбір кезең бойынша үш топтың студенттеріне қызықты тапсырмалар беріліп, сайыс нәтижесінде ВДН-0922-1 тобының студенттері жоғары ұпаймен жеңіске жетті.

#

Comments are closed