2023 жылдың 7 қараша күні колледж кітапханасында аса көрнекті қазақ геологы, қоғам қайраткері, Қазақ КСР Ғылым академиясын ұйымдастырушы және оның тұнғыш президенті, Қазақ КСР академиясының академигі, қазақстандық металлогения мектебінің негізін қалаушы Қаныш Имантайұлы Сәтбаеавтың туғанына 125 жыл толуына орай «Ұлт мақтанышы – Қаныш Сәтбаев» тақырыбында кітап бұрышы ұйымдастырылды.

Көрмеге Қаныштың еңбек жолындағы түрлі суреттері, Медеу Сәрсекенің «Қазақтың Қанышы» роман-эссесі мен «Өнегелі өмір» сериясынан «Қаныш Сәтбаев» және Ш.Қ.Сәтбаева т.б. құрастыруымен шыққан «Қаныш аға» атты естеліктер жинағы т.б. қойылып, кітапханашы К.Сүлейменова кітапхана оқырмандарын ғалымның өнегелі өмір жолы, тұлғалық бейнесі, мол ғылыми мұрасымен таныстырды.

Іс-шараға қатысқан ЕТБ-0923-3, ТКА-0923-3 және ЭЕА-0923-3 топтарының студенттері Қаныш жайында жазылған «Қаныш туған күн», «12 сәуір – Қ.И.Сәтбаевтың туған күні», «Жәдігер тас», «Қаныш ата жайлы тарихи сыр» сияқты өлеңдерін мәнерлеп айтып, Қ.Сәтбаев туралы тың деректермен қанықты.

#

Comments are closed