«Бағдарламалау және дизайн» пәндік (циклдік) комиссия бірлестігінің «Әлемді бейнелеген нақты ғылымдар» тақырыбындағы айлық іс-шара жоспарына сәйкес “Дизайн” мамандығының білім алушыларына арнайы пәндер оқытушысы Р.Тажиметова композиция негіздері пәнінен “Костюм композициясындағы декор” тақырыбында ашық сабақ өтті.

Ашық сабақтың мақсаты: шығармашылық жұмыста идеяларын іске асыру мақсатында түрлі ақпарат көздерінің ең тиімдісін таңдай отырып, қолдану.

Сабақ барысында киімді сәндеу маңыздылығы айтылып, кәзіргі заманға сай сәндеу түрлерімен таныстырылды. “Түстер сөйлейді”, “Мозайка”, «Ситуациядан шығу» әдістері бойынша қорытындылап, тақырыпқа сәйкес білім алушылар өз тәжірибелік жұмыстарын қорғады.

#

Comments are closed