«Бағдарламалау және дизайн» пәндік (циклдік) комиссия бірлестігінің «Әлемді бейнелеген нақты ғылымдар» тақырыбындағы айлық іс-шара барысында жоспарланған «Есептеу техникасы және бағдарламамен қамтамасыз ету» бөлімінің оқытушысы Н.Сыздыкова ТКА-0922-2 тобының студенттеріне «Алғашқы функция және анықталмаған интеграл» тақырыбында ашық сабақ өтті.

Ашық сабақтың мақсаты: алғашқы функция және анықталмаған интегралды табуды үйрету.

Ашық сабақ барысында «Фиш-баун (балық қаңқасы)» әдісі тақырыпты қорытындылау мақсатында қолданылды. Әдісті қолданбай тұрып топтағы оқушылар екіге бөлінді.

Жаңа тақырыпты түсіндіру барысында алғашқы функция ұғымымен таныстырып, анықталмаған интегралға байланысты бірнеше мысалдар келтірді.

Оқытушы жаңа тақырыпты бекіту кезеңінде оқушылардың мамандығына қарай бағыттап “Пицца” әдісін қолданды, яғни әр пицца тілімінде жаңа тақырыпқа байланысты есеп жасырылды, топ оқушылары есепті жарыса шығарды. Әрі қарай тақырыпқа байланысты оқулықпен жұмыс жасалды. Оқушылармен “Сэндвич” әдісі арқылы кері байланыс жасалды. Оқушыларды бағалау барысында “Баскетбол” бағалау әдісі арқылы бағаланды. Сабақ өз мақсатына жетті, оқушылар алғашқы функция және анықталмаған интегралды меңгерді.

Бейнеролик https://www.facebook.com/100040361409688/videos/1152730338750265/

#

Comments are closed