«Түркістан Ахмет Ясауи» кәсіби колледж кітапханасында «Оқуға құштар колледж» тұжырымдамасын іске асыру мақсатында «Еркін микрофон» кітапхана пәтері өтті.

Мақсаты: кез келген оқырманның өзі оқыған кітабы жайында ойын еркін, толыққанды әңгімелеуіне, басқалармен бөлісуіне мүмкіндік жасау.

Қазақ және шетел авторларының кейбір көркем әдебиеттеріне қысқаша шолу жасау, танымал кітаптарын оқуға ұсыну.

Шараға қатысқан ЕТБ-0922-3 тобының білім алушыларына «Дизайн» мамандығының арнайы пән оқытушысы Розметова Мафтуна Луиза Хейдің «Өмірің-өз қолыңда», «Дене шынықтыру және спорт» мамандығының арнайы пән оқытушысы Жақсылықов Дәулетбек Ж.Бұлғақовтың «Сөз қадірің-өз қадірің», ВДН-0922-1 тобының студенті Заядиннов Салават Льюис Кэрроллдің «Приключения Алисы в стране чудес», ЕТБ-0922-1 тобының студенті Кәтіп Нұржан Джордж Клейсонның «Вавилондағы ең бай адам» деп аталатын өздері оқыған кітаптары жайлы әсерлі әңгімелеп берді.

Ұйымдастырушылар тарапынан азғантай уақытта көбірек кітап оқу үшін қажетті бірнеше пайдалы кеңес ұсынылып, оқығанды қалай есте сақтауға үйрететін «ҚыЗыҚ» әдісі жайында бейнеролик көрсетілді.

Соңында шараға белсене қатысқаны үшін оқытушылар арасында Розметова Мафтуна мен студенттер арасында Кәтіп Нұржан «Алғыс хатпен» марапатталды.

#

Comments are closed