«Түркістан Ахмет Ясауи» кәсіби колледж кітапханасында «Оқуға құштар колледж» жобасы аясында «Әдеби кейіпкерлермен бірге саяхаттаймыз» тақырыбында дәстүрлі кітап көрмесі ұйымдастырылды.

Көрменің мақсаты: оқырмандардың көркем шығармаларды оқуға деген қызығушылықтарын арттыру, кейіпкерлер бейнесін анықтап, тануға баулу, оқу мәдениетін қалыптастыру.

Көрмеде Қожа Ахмет Ясауидің «Диуани хикмет», М.Жұмабаевтың «Батыр Баян», С.Торайғыровтың «Қамар сұлу», Қ.Қайсеновтың «Жау тылындағы бала», О.Бөкейдің «Тортай мінер ақ боз ат» атты шығармаларына қысқаша шолу жасалды.

Шараға қатысқан ЕТБ-0922-1 тобының білім алушылары кейіпкерлермен бірге саяхат жасай отырып, өздерін аталған шығармалардың кейіпкерлері рөлінде елестетіп, өз ойларымен бөлісті.

#

Comments are closed