«Бағдарламалау және дизайн» пәндік (циклдік) комиссия бірлестігінің информатика пәнінің оқытушысы Қ.Қожамұратова колледж оқытушыларының арасында “Нартәуекел” зияткерлік сайысын өткізді.

Іс-шараның мақсаты: Оқытушыларды әр-қырынан танып, білу. Шығармашылық қабілетін арттыру. Бірлесе отырып шығармашылық жұмыс істеуге бағыттау. Ой ширату арқылы білімділіктері, логикалық ойлауы, шапшаңдықтары, топпен бірлесе жұмыс жасауы, ситуациядан шыға білу және шығармашылық қабілеттері бойынша тапсырмалар берілді.

Сайыс барысында оқытушылар өздерін жан-жақты қырынан көрсете білді. Сайыс қорытындысы бойынша «Гуманитарлық» бөлім оқытушылары жеңіске жетіп, белсене қатысқан оқытушыларға сый-сияпат табысталып, қатысушылар ұйымдастырушыға ақпараттық және пайдалы іс-шара үшін алғыстарын білдірді.

#

Comments are closed