2023 жылы 23 қараша күні тәрбие бөлімінің қызметкерлері Сауқымбаева Гүлмира мен Тұрсынхан Береке жоспардан тыс «Жақсы көңіл-күй жан шуағы» атты тақырыпта, оқытушылар арасында Teambuilding ұйымдастырды.
Сайыстың мақсаты: оқытушылар арасындағы қарым-қатынасты нығайту, жағымсыз көңіл-күйден арылу, күш-қуат жинау, өзін еркін сезінуге көмектесу.
Сайыс «Зейініңді дамыт», «Құпия адам», «Киндер сюрприз», «Х,О», «Ұсақ моторика», «Көңіл күйді бірге көтерейік» деген кезеңдерден тұрды. Әр кезеңде ойын ережесін ұстана отырып оқытушылар жарысты. Сайыс нәтижесі бойынша басым ұпаймен «Гуманитарлық пәндер» бөлімшесі жеңіске жетті.

#

Comments are closed