«Әлеуметтік және педагогикалық» пәндік (циклдік) комиссия бірлестігінің “Есеп және аудит” мамандығының оқытушысы И.Фазилова ДТС-0921-1 тобына “Қыз бала мен ер бала тәрбиесінің ерекшелігі” тақырыбында ашық тәрбие сағатын өтті.
Ашық тәрбие сағатының мақсаты: Балаларды қазақ қызы мен ер баланың бойына тән өнерлік, тәлімдік қасиеттермен таныстыру, мұны ұлттық салт – дәстүр, әдет ғұрыптармен байланыстыра білу. Ұл бала мен қыз баланы бір – бірін шынайы құрметтеп, қастерлей білуге баулу, өзара сыйласымдылықты, достық қарым – қатынасты қалыптастыру; балалардың бойында әдептілік қасиеттерді дамыту. Талғаммен киінуге, әсемдікке, сұлулыққа құштарлығын арттыру, эстетикаға тәрбиелеу.
Ашық тәрбие сағатында ұл мен қыз бала тәрбиесіндегі кейбір ерекшеліктер, сұрақ-жауап айдары, әлем елдерінің бала тәрбиесін талдауы, «Кім көп біледі?» мақал-мәтелдер сайысы, «Ұл мен қызды тәрбиелеу әдісі» бейне үзінді көрсетілді. Бүгінгі бозбала – ертеңгі қамқор әке, әулеттің тірегі, бүгінгі бойжеткен – ертеңгі аяулы ана, ақылшы әже, әулеттің ұйтқысы екені баршамызға мәлім. Сондай-ақ, ұл бала мен қыз бала арасындағы сыйластық, әдептілік туралы сөз қозғалып, ашық тәрбие сағаты ата-анаға алғыс айтумен қорытындыланды.
Comments are closed