«Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында «Жасыл аймақ» апталығын колледж қызметкерлері оқу ордамыздың аумағын тазалаумен аяқтады.
«Тазалық – табалдырықтан басталады», демекші қоршаған ортаның тазалығына жауапкершілікпен қарау – әрбір азаматтың басты міндеті. Тазалықты серік еткен колледж ұжымы ерекше белсенділік танытуда.
Алдағы уақыттарда да тазалық сақтау мақсатында жұмыстар жүйелі жалғасатын болады.
Comments are closed