2024 жылдың 24 сәуір күні, колледж кітапханасында, «Гуманитарлық»

пәндік (циклдік) комиссия бірлестігінің оқытушылары У. Шорабекова, Н.Музарапова, Т.Шәмшат, Г.Тлеубаева «Оқуға құштар колледж» жобасы аясында «Отан тарихы әдебиетте» тақырыбында оқырман конференциясын өткізді.

Іс шара барысыныда жазушыларының қазақ тарихи тақырыбында жазылған шығармалары талқыланды. Атап айтқанда, І.Есенберлиннің «Көшпенділер» триологиясы, Ш. Мұртазаның «Бесеудің хаты» әңгімесі, Ж.Аймаутовтың «Ақбілек» романы, Шығыстың ғұлама ойшылы Әбу Насыр әл-Фарабидің еңбектері жайында презентация көрсетіліп, шығармалары талқыланды.

#

Comments are closed