Маусым айының 24-і күні ВДН-0921 тобынан «Жеке графикалық интерфейс элементтерін құру», «Web-ресурстарды құру», «Веб-контентті басқару жүйесін қолдану», «Web сайтты техникалық және ақпараттық қолдау» кәсіптік модульдері бойынша қорытынды аттестаттау демонстрациялық емтихан түрінде алынды. Емтихан барысында студенттер бірінші модульде жасанды интеллект арқылы басқарылатын API-интерфейстерінің жинағы тақырыбында статикалық веб-сайт және екінші модульде сол тақырып бойынша сервер жағында орындалатын веб-сайт құрастырды. Емтиханға ХҚТУ IT департаментінің қызметкері Абибулла Әсет қатысты.

#

Comments are closed