2022 жылы 21 ақпанда «Түркістан Ахмет Ясауи» кәсіби колледж кітапханашылары «Оқуға құштар колледж» жобасы аясында «Кітаптар желісімен түсірілген көркем фильмдер» атты виртуалды кітап көрмесін ұйымдастырды.

Шараға КДН-0922, ВЕФ-0922, ВДН-0922-1, ЕТБ-0922-2 және ЕТБ-0920-1 оқу топтары қатысты.

Көрменің негізгі мақсаты – қазақ классиктерінің көркем әдебиеттерін насихаттау, ұмыт бола бастаған туындыларды қайта оқуға шақыру, оқырмандардың кітапқа деген қызығушылықтарын арттыру.

Көрмеде «Абайтану» ғылымының негізін салушы, көркем сөздің шебері М.Әуезовтің «Абай жолы» роман-эпопеясы желісімен ақынның өмірі, махаббаты, шығармашылығына арналған «Абай», заңғар жазушының «Көксерек», қазақ әдебиетінің негізін қалаушылардың бірі, қоғам қайраткері, Қазақстанның халық жазушысы, Қазақстан Ғылым академиясының академигі Сәбит Мұқановтың «Ботагөз» романы желісімен «Ботагөз», 2000 жылы Сиднейде өткен XXVII жазғы Олимпиадада чемпион атанған Қазақстандық белгілі боксшы Бекзат Саттарханов жайындағы «Бекзат» және белгілі халық жазушысы Ілияс Есенберлиннің «Көшпенділер» атты трилогиясы бойынша қазақ-француз кинематографистері бірлесіп түсірген «Көшпенділер» фильмдеріне қатысты қысқаша мәліметтер көрсетілді.

«Бір ел – бір кітап» республикалық акция аясында оқуға ұсынылған жазушы Төлен Әбдікұлының жиырма бес жасында жазған алғашқы шығармаларының бірі “Оң қол” атты әңгімесінің желісі бойынша түсірілген қысқаметражды фильм көрсетілімі ұсынылды.

Қатысушылар бүгінгі шарадан алған әсерлерімен бөлісіп, ұйымдастырушы кітапханашыларға өз ризашылықтарын білдірді.

#

Comments are closed