• Түркістан қ., Тәуке хан даңғылы №340
  • Байланыс:+7 (72533) 3-10-11
  • ДC - ЖМ: 8:00 AM - 19:00 PM

«Ясауи көшбасшысы» интеллектуалды сайысы

Май 3, 2023 Жаңалықтар

«Әлеуметтік және педагогикалық» пәндік (циклдік) комиссия бірлестігінің «Білекті-бірді жығады, білімді-мыңды жығады» тақырыбындағы айлық іс-шара жоспарына сәйкес дене шынықтыру пәнінің оқытушысы Д.Жақсылықовтың ұйымдастыруымен акт залда «Ясауи көшбасшысы» интеллектуалды сайысы 1-курстардың арасында өткізілді .

Сайыстың мақсаты: Студенттерді білімді, дарынды, жан-жақты болуға баулу. Көшбасшылық қабілеттерін ояту. Бұл сайысқа 12 студент қатысып, бақ сынады. Жарыс «Бәйге», «Ойла да, тап!», «Логикалық сұрақтар» бойынша 3 кезеңнен тұрды. Әрбір кезеңнен 3 қатысушымен қоштасып отырды. Нәтижесінде ең үздік болған 3 жеңімпаз анықталып, барлық сайысқа қатысушылар сый-сияпатпен, медальдармен марапатталды.

1. ЭЕМ-0922 тобының студенті Кәтіп Нұржан 1-орын

2. ЕТБ-0922-2 тобының студенті Мақсұт Жалғас 2-орын

3. ЕТБ-0922-2 тобының студенті Сман Даурен 3-орын