2023 жылы 01-30.04 аралығында “Әлеуметтік және педагогикалық” пәндік (циклдік) комиссия бірлестігінің “Білекті-бірді жығады, білімді-мыңды жығады” тақырыбындағы айлық іс-шара жоспарына сәйкес “Гуманитарлық пәндер” бөлімінің арнайы пән оқытушылары Г. Қалдыкөзова мен Б.Сұлтанбектің ұйымдастыруымен “Заң клиникасы” клубының ашылуы тақырыбында сабақтан тыс іс-шара өткізді. Заң клиникасы заң көмегін тегін көрсету. Қызметтің ерекшелігі – екі жақтың өзара көмектесуі. Бір жағынан, белсенді студенттер халыққа көмектесіп, оның құқықтық мәдениетін арттыруға ықпал етеді және құқықтық насихаттауды жүзеге асырады, ал екінші жағынан, клиенттер студенттерге қажетті тәжірибе алуға және кәсіби дағдылар мен құзыреттерге ие болуға көмектеседі.

#

Comments are closed