2023 жылы 01-30.04 күндері аралығында “Әлеуметтік және педагогикалық” пәндік (циклдік) комиссия бірлестігінің “Дене тәрбиесі және спорт” мамандығының оқытушысы Д.Турсунов ЗҚТ-0920-1 тобының студенттеріне “Жан ұясы” тақырыбында ашық тәрбие сағатын өткізді.
Мақсаты: Бала тәрбиесіндегі ата-ананың алатын орнының ерекше екендігін түсіндіру, бала тәрбиесінің алғашқы алтын қазығы туған ұясы, өз отбасындағы ата-ана тәрбиесі, өнегесі және ата-ана баланың бас ұстазы екенін түсіндіру. Отбасы мүшелерінің арсындағы бауырмалдық, қайырымдылық, достық қарым-қатынасты қалыптастыру.
Отбасын құрудың маңызы, жар таңдаудың жарғысы,”Бақытты отбасы” түсінігі, ерлі-зайыптылардың жауапкершіліктері туралы ой-пікірлер қозғалды.
Отбасының үлкен кілті ерлі-зайыптылардың бір-бірінің мәмлесімен, бірін-бірін түсінісуінде. Бақытты отбасымен дене сау ұрпақтың өсуіне ерлі-зайыптылардың атқаратын рөлі орасан зор. Жұбайы отағасы деп, ері жан-жарым деп сыйласа, қоғамда ажырасу факторы болмас еді. Теңіз-тамшыдан, отан-отбасынан құралады. Жанұя жарасымына жету жолдары көп. Бастысы, әркім өз міндетін адал атқарса игі.
Comments are closed