Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының студенттері арасында өткізілетін дәстүрлі шеберлік байқауы басталды. Түркістан Облысының Білім Басқармасы ұйымдастырып отырған чемпионатта биыл 32 құзыреттілік бойынша 250-ге жуық білім алушы бақ сынауда.

Ахмет Ясауи Колледжі бұл байқауға түрлі бағыттағы 12 құзыреттілік бойынша қатысады. Соның ішінде “Мобильді робототехника”, “Ақпараттық кабельдік желілер” және “Мейрамхана қызметі” құзыреттіліктерінен байқау біздің колледждің базасында өткізіледі. Қызығушылық танытатын мектеп оқушыларын, жұмыс берушілерді, қала тұрғындарын чемпионатты тамашалауға шақырамыз.

#

Comments are closed