• Түркістан қ., Тәуке хан даңғылы №340
  • Байланыс:+7 (72533) 3-10-11
  • ДC - ЖМ: 8:00 AM - 19:00 PM

«Жан ұясы» тақырыбында ашық тәрбие сағаты өтті

Апр 25, 2023 Жаңалықтар

2023 жылы 01-30.04 күндері аралығында «Әлеуметтік және педагогикалық» пәндік (циклдік) комиссия бірлестігінің «Дене тәрбиесі және спорт» мамандығының оқытушысы Д.Турсунов ЗҚТ-0920-1 тобының студенттеріне «Жан ұясы» тақырыбында ашық тәрбие сағатын өткізді.

Мақсаты: Бала тәрбиесіндегі ата-ананың алатын орнының ерекше екендігін түсіндіру, бала тәрбиесінің алғашқы алтын қазығы туған ұясы, өз отбасындағы ата-ана тәрбиесі, өнегесі және ата-ана баланың бас ұстазы екенін түсіндіру. Отбасы мүшелерінің арсындағы бауырмалдық, қайырымдылық, достық қарым-қатынасты қалыптастыру.

Отбасын құрудың маңызы, жар таңдаудың жарғысы,»Бақытты отбасы» түсінігі, ерлі-зайыптылардың жауапкершіліктері туралы ой-пікірлер қозғалды.

Отбасының үлкен кілті ерлі-зайыптылардың бір-бірінің мәмлесімен, бірін-бірін түсінісуінде. Бақытты отбасымен дене сау ұрпақтың өсуіне ерлі-зайыптылардың атқаратын рөлі орасан зор. Жұбайы отағасы деп, ері жан-жарым деп сыйласа, қоғамда ажырасу факторы болмас еді. Теңіз-тамшыдан, отан-отбасынан құралады. Жанұя жарасымына жету жолдары көп. Бастысы, әркім өз міндетін адал атқарса игі.