«Әлеуметтік және педагогикалық»пәндік (циклдік) комиссия бірлестігінің «Білекті бірді жығады, — білімді мыңды жығады» тақырыбындағы іс-шара жоспарына сәйкес сәуір айының 20-22 күндері аралығында колледжіміздің топтары арасында «Баскетбол» топ аралық жарысы «Дене тәрбиесі және спорт» мамандығының оқытушылары А.Назаров, М.Кенжебаев, С.Маметованың ұйымдастыруымен өтілді.
Жарыстың мақсаты мен міндеттері
-студенттерді дене шынықтыру және спорт жүйесі сабақтарына назарын аударту;
-колледж студенттері арасындағы спорттық ойын түрлерін дамыту;
-жастар дене тәрбиесімен, спортпен тұрақты шұғылдануға тарту;
— колледж құрамасына жас спортшыларды іріктеу жүргізу.
— салауатты өмір салтын насихаттау, студенттердің шеберліктерін шыңдау.
Аталған жарысқа білім алушылардан 10 топ қатысты.
Қызу да тартысты өткен жарыстың қорытындысы бойынша
I орынды ДТС-0921-2 тобының студенттері;
II орынды ДТС-0919 тобының студенттері;
III орынды ДТС-0921-3 тобының студенттері иеленіп, дипломдармен марапатталды.
Шәкірттеріміздің жаңа кәсіби биіктерді бағындыра берулеріне тілектеспіз.

Comments are closed