2023 жылы 25.04. күні «Әлеуметтік және педагогикалық» пәндік (циклдік) комиссия бірлестігінің Дене шынықтыру пәнінің оқытушысы С.Маметова ВДН-0922-2 тобына «Орнынан ұзындыққа секіру» тақырыбындағы ашық сабағын түсіндіру барысында оқушылардың қимыл дағдыларын қалыптастыру, өздерін жан-жақты қырынан көрсете білу, жүгіріп келіп ұзындыққа секіру әдіс-тәсілдерін дамыту, шапшаңдықтарын арттыру, қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтау ескертіліп, топпен жұмыс жасалынды. Сабақтың білімділік мақсатында оқушылардың ұзындыққа секіру техникасы үйретілді.