2023 жыл 26.04. күні колледж кітапханасында кітапханашылардың ұйымдастыруымен «Оқуға құштар колледж» жобасы аясында «Ақпарат әлеміндегі кітаптың рөлі» тақырыбында әдеби печа-куча іс-шарасы ұйымдастырылды.

Печа-куча – Жапониядан келген кітапханалық іс-шараның түрі, әңгімелесу, кейде еркін сырласу, ой бөліп, шер тарқатысу деген мағынаны білдіреді.

Іс – шараның жаңа дәстүрлі емес формасы кітапты насихаттап, оқушылардың кітап оқуға деген қызығушылықтарын арттырады.

Шараға ДТС-1121-1, ЕТБ-0922-1 және ЭЕА-1122-2 топтарының оқушылары қатысты. Қатысушылар өз баяндамаларына қатысты дайындаған презентацияларын ұсынып, тиянақты дайындықтарын көрсетті. Әр сөз сөйлеушіден кейін сұрақтар қойылып, пікірлер айтылды. Көрермендер Төрехан Медет, Әбіл Ерболат, Алиқызы Майра, Құлмаханбет Ақтолқынның баяндамаларын ерекше бағалады.

Кітапханашы оқушыларды QR-код арқылы кітап оқумен таныстырды.

Шара соңында ДТС-1121-1 тобының студенті Мирам Жасмин А.Құнанбаевтың «Ғылым таппай мақтанба» өлеңін жатқа мәнерлеп айтып беріп, қонақтардың ыстық ықыласына бөленді.

Печа – куча форматы оқушыларға дәстүрлі әдістерге қарағанда шығармашылық еркіндік береді, сондықтан іс-шара қызықты әрі әсерлі болды.

#

Comments are closed