2023 ж. 28.04 сәуір күні «Әлеуметтік және педагогикалық» пәндік (циклдік) комиссия бірлестігінің «Білекті-бірді жығады, білімді-мыңды жығады» тақырыбындағы айлық іс-шара жоспарына сәйкес дене шынықтыру пәнінің оқытушылары Ф.Мирзаханова және Д.Жақсылыковтың ұйымдастыруымен колледж қызметкерлері арасында «Толағай» эстафеталық ойыны өткізілді.
Сайыстың мақсаты: Салауатты өмір салтын қалыптастыру, қызметкерлер арасында спорт мәдениетін кең тарату сондай-ақ, салауаттану — адам жанының да, тәнінің де тазаруы, денсаулығының жақсаруы, сондықтан салауатты өмір салтын ұстануға үгіттеу болып табылады. Бұл сайысқа 4 команда қатысып, бақ сынады. Сайыс «Бәйге», «Кедергілер алаңы», «Кім жылдам», «Арқан тарту» бойынша 4 кезеңнен тұрды. Әр кезең бойынша ойын шарттарына сәйкес, командаларға ұпай сандары беріліп отырды. Нәтижесінде ең үздік болған командалар анықталып, барлық сайысқа қатысушылар сый-сияпатпен, арнайы алғыс хаттармен марапатталды.
— Бас жүлде «Аграрлық» бөлімі;
— I орын «Әкімшілік» құрамы;
— II орын «Есептеу техникасы және бағдарламамен қамтамасыздандыру» бөлімшесі;
— III орын «Шаруашылық» құрамы



Comments are closed