«Ахмет Ясауи Колледжі», «Әлеуметтік және педагогикалық» пәндік (циклдік) комиссия бірлестігінің «Білекті-бірді жығады, білімді-мыңды жығады» тақырыбындағы айлық іс-шара жоспарына сәйкес арнайы пәндер оқытушылары Г.Қалдыкөзова, Б.Сұлтанбектің ұйымдастыруымен акт залында «Құқықтану» мамандығының студенттері арасында «Вена балы- 2023” тақырыбында би сайысы өтті.
Сайыстың мақсаты: Жастардың жан-жақты шығармашылық қабілеттерін, өнердің заманауи жанрларын дамыту және бағыт-бағдар беру.
Бұл сайысқа жігіттер мен қыздар арасынан іріктелген 11 жұп қатысып, бақ сынады. Бишілер бәсекесі 2 кезеңнен тұрды. Алдымен әр жұп шоу қойылыммен сахнаға шығып, келесі кезекте жеке сайысқа шықты. Нәтижесінде ең үздік болған 5 жұп анықталып, номинациялармен марапатталды.
I. Бал Ханшайымы — Кенжебаева Зейнеп
II. Бал Ханзадасы — Оразбек Жансерікке
III. Ең үздік жұп — Шабан Арсен және Сейдаз Айгерім
IV. Ең үздік би жұбы — Бабажанова Надыра — Абзалұлы Мухтар
V. Ең стильді жұп — Қожанова Дариға және Әлімхан Ерасылхан
Биылғы жылдан бастап, студенттер «Вена» балын өткізуді жаңа дебютанттар үшін дәстүрге айналдырмақ.



Comments are closed