Бүгін оқу ордамызда «Құқық бұзушылықтың алдын алу» тақырыбында ұлдар жиналысы өтілді. Жиналысқа директордың оқу жұмысы жөніндегі орынбасары Д.Еркебалаев, директордың оқу-өндірістік жұмысы жөніндегі орынбасары Б.Жақыпбеков, директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Ш.Надирбаев, ұлдар ұйымының жетекшісі М.Кенжебаев және колледж ұлдары қатысты.
Бүгінгі таңда қоғамның алдында тұрған басты міндеттердің бірі – балалар мен жасөспірімдер арасындағы құқықбұзушылықтың алдын-алу, кәмелетке толмағандар арасындағы қылмыстың өсуіне жол бермеу, жасөспірімдер арасындағы қорлау, мазақтау, намысқа тию жағдайлардың алдын алу,лудомания, вейп, буллинг, кибербуллингтен қорғанудың алдын алу және тәртіпті бұзбауға шақырып, ұлдар тәрбиесі жөнінде түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Оқушылар өз пікірлерін ортаға салып, ұсыныстарын айтты.
Жиналыс барысында директордың оқу жұмысы жөніндегі орынбасары Д.Еркебалаев өскелең жас ұрпақтың бойында патриоттық сезім орната отырып, бүгін мен болашаққа деген жауапкершілік қалыптастыру қажет екенін түсіндірді. Сонымен қатар, жазғы демалыс кезінде қауіпсіздік ережелерін сақтауға, түнгі уақытта беймезгіл жүрмеу керектігі жайында айтып өтті.
Comments are closed