Білікті оқытушылар

Қабылдау

Жаңалықтар

ОТАНШЫЛДЫҚ – СӨЗБЕН ЕМЕС, ІСПЕН ДӘЛЕЛДЕНЕТІН ҚҰНДЫЛЫҚ

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қызылорда өңірінде өткен Ұлттық құрылтайдың V отырысы барысында айтқан ойлары елдік мұрат пен азаматтық жауапкершіліктің маңызын тағы бір мәрте айқындады.Президент өз сөзінде отаншылдық ұғымының тек Отанға деген сүйіспеншілікпен шектелмейтінін, ең алдымен, ел алдындағы жауапкершілікті терең сезініп, перзенттік парызды адал атқарудан көрінетінін атап өтті. Мемлекет басшысы әрбір азаматтың қоғам дамуына үлес қосуы, заң мен тәртіпті құрметтеуі, адал еңбек етуі – нағыз патриотизмнің басты көрінісі екенін ерекше атап көрсетті.Сонымен қатар, Президент ел бірлігі мен тұрақтылықты сақтау, ұлттық құндылықтарды дәріптеу және жас ұрпаққа дұрыс тәрбие беру – баршамыздың ортақ міндетіміз екенін жеткізді. Бұл қағидаттар Қазақстанның тұрақты дамуы мен жарқын болашағының берік негізі болмақ.Мемлекет басшысының ұлттық құрылтайда айтқан бұл тағылымды ойлары әрбір қазақстандықты елге адал қызмет етуге, жауапкершілік пен отаншылдықты өмірлік ұстанымға айналдыруға үндейді.

«ТАМАҚТАНДЫРУДЫ ҰЙЫМДАСТЫРУ» МАМАНДЫҒЫ БОЙЫНША ПРАКТИКА ЕСЕБІ ДЕМОНСТРАЦИЯЛЫҚ ТҮРДЕ ҚАБЫЛДАНДЫ

Колледжде «Тамақтандыруды ұйымдастыру» мамандығы бойынша білім алушы студенттерден өндірістік практика есебі демонстрациялық түрде қабылданды. Атап айтқанда, ТКА-1124, ТКА-0924-1, ТКА-0924-2, ТКА-0923-1, ТКА-0923-2, ТКА-0923-3, ТКА-1125-1, ТКА-1125-2 топтарының студенттері қатысты.Практика есебін қабылдау барысында студенттер өндірістік тәжірибе кезінде меңгерген білімдері мен практикалық дағдыларын демонстрациялық форматта көрсетіп, кәсіби құзыреттіліктерін дәлелдеді. Теориялық білімді практикамен ұштастыра отырып, орындалған жұмыстардың мазмұны мен нәтижелері жан-жақты талқыланды.Мақсаты:– студенттердің өндірістік тәжірибесін бағалау;– практикалық дағдылары мен кәсіби шеберлігін тексеру;– теориялық білімді тәжірибе барысында қолдану деңгейін анықтау.Маңызы:– студенттердің практикалық дағдылары мен кәсіби біліктілігі сараланды;– өндірістік тәжірибе мен теориялық білімнің өзара байланысы көрсетілді;– дұрыс әрі толық рәсімделген практика есебі студенттердің кәсіби дамуына және қорытынды бағасына оң әсер ететіні айқындалды.Практика есебін демонстрациялық түрде қабылдау студенттердің болашақ маман ретінде қалыптасу деңгейін анықтауға және кәсіби даярлығын жетілдіруге мүмкіндік берді.

ДЕМОНСТРАЦИЯЛЫҚ ЕМТИХАН ӨТТІ

2026 жылдың 14–16 қаңтар күндері «Киім дизайны» мамандығы бойынша демонстрациялық емтихан ұйымдастырылып, жоғары деңгейде өткізілді.Емтихан барысында білім алушылар «Костюм және өнер тарихы» пәні бойынша шығармашылық эскиздер әзірлеп, сондай-ақ «Бұйымдарды торап бойынша дайындау технологиясы» модулі аясында практикалық тапсырмаларды орындады. Тапсырмалар студенттердің кәсіби құзыреттілігін, теориялық білімін практикамен ұштастыра алу қабілетін анықтауға бағытталды.Демонстрациялық емтихан кезінде студенттер өздерінің шығармашылық ойлау жүйесін, эстетикалық талғамын, кәсіби шеберлігін және еңбек дағдыларын толық көрсете білді. Аталған емтихан болашақ дизайнер мамандарды даярлау сапасын арттыруға, олардың еңбек нарығына дайындық деңгейін айқындауға мүмкіндік беретін маңызды кезең болып табылады.Болашақ сән және киім дизайнерлеріне шығармашылық табыс, кәсіби жетістіктер мен толағай жеңістер тілейміз!

КОЛЛЕДЖІШІЛІК ПӘНДЕР ОЛИМПИАДАСЫ: ҮЗДІКТЕР АНЫҚТАЛДЫ

2025–2026 оқу жылының 22–26 желтоқсан күндері аралығында колледжішілік пәндер олимпиадасы жоғары деңгейде ұйымдастырылып, табысты өтті.Олимпиадаға әртүрлі мамандық бойынша 148 студент қатысып, өз білімдерін, логикалық ойлау қабілеттерін және пәнге деген қызығушылықтарын жоғары деңгейде көрсетті.Олимпиада барысында студенттер арасында өзара бәсекелестік қалыптасып, білім алушылардың оқу жетістіктері мен шығармашылық әлеуетін арттыруға үлкен серпін берілді.📌 Қорытынды кезеңінде қазылар алқасының шешімімен үздік нәтиже көрсеткен студенттер анықталып, олимпиада нәтижелері шығарылды.🏆 Жеңімпаздар мен жүлдегерлер арнайы дипломдармен және марапаттармен салтанатты түрде марапатталды.Аталған олимпиада — студенттердің білімге деген құштарлығын арттырып, сапалы білім мен кәсіби дамуға жол ашатын маңызды іс-шаралардың бірі болды.Барлық қатысушыларға алғыс білдіреміз, ал жеңімпаздарды шын жүректен құттықтаймыз! 👏

АРАЛЫҚ АТТЕСТАТТАУ КЕЗЕҢІ БАСТАЛДЫ

Колледжде 2025–2026 оқу жылының I семестрінің аяқталуына орай аралық аттестаттау кезеңі басталды.Аттестаттау барысында 2–4 курс білім алушылары өздерінің кәсіби және теориялық дайындық деңгейін әртүрлі бағалау форматтары арқылы көрсетуде. Атап айтқанда, 35 демонстрациялық емтихан, 8 тест түріндегі емтихан және 16 ауызша-жазбаша форматтағы емтихандар ұйымдастырылып, өткізіліп жатыр.Аралық аттестаттау студенттердің білім сапасын жан-жақты бағалауға, олардың оқу бағдарламасын меңгеру деңгейін нақты айқындауға бағытталған маңызды кезең болып табылады.Ал 1 курс білім алушыларының оқу жетістіктері оқу нәтижелерінің орташа балы негізінде қорытындыланады, яғни олардың семестрлік үлгерімі жинақталған көрсеткіштер арқылы бағаланады.Аталған емтихан кезеңі білім алушылардың жауапкершілігін арттырып, кәсіби құзыреттілігін қалыптастыруға зор ықпал етеді. Барша студенттерге аралық аттестаттауды сәтті тапсырып, жоғары нәтижелерге қол жеткізулеріне тілектеспіз!

ЖЕҢІСПЕН ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ! 🥇

Астана қаласында 2008–2009 жылы туған жасөспірімдер арасында 20–26 желтоқсан аралығында өткен «Жас барыс» халықаралық турнирінде колледжіміздің студенттері жоғары нәтиже көрсетіп, ел мерейін асқақтатты.🔹 Тұрғанбек Қайырке — 60 кг салмақ дәрежесінде I орын иегері🔹 Әмірбеков Ернұр — 70 кг салмақ дәрежесінде I орын иегеріБұл — тынымсыз еңбек пен табандылықтың, спортқа деген шынайы сүйіспеншіліктің айқын дәлелі. Жас спортшыларымыздың жеңісі — колледжіміз үшін зор мақтаныш!Жеңімпаздарымызды шын жүректен құттықтай отырып, алдағы жарыстарда да биік белестерді бағындырып, толағай табыстарға жете берулеріне тілектеспіз!