Бүгін колледжімізде студенттер арасында “Жаман әдет – жастарға жат” тақырыбында тәрбиелік маңызы зор тәрбие сағаты ұйымдастырылды. Іс-шара барысында білім алушылар зиянды әдеттердің адам өміріне тигізетін әсері туралы ой қозғап, өз пікірлерімен еркін бөлісті.
Сонымен қатар студенттер тақырып аясында шығармашылық жұмыстар жасап, мағыналы суреттер арқылы салауатты өмір салтын насихаттады. Әр туындыдан жастардың өмірге деген көзқарасы мен болашаққа деген жауапкершілігі айқын көрінді.
Осындай тәрбиелік іс-шаралар жас ұрпақты саналы өмір салтын ұстануға, дұрыс таңдау жасауға және қоғамға пайдалы тұлға болып қалыптасуға тәрбиелейді.

#

Comments are closed