Білім алушылар арасында қауіпсіздік пен қоғамдық құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету, олардың құқықтарын қорғау, сондай-ақ білім беру ұйымдарында «Заң мен тәртіп» идеологиясын нығайту мақсатында бітіруші топ студенттерімен профилактикалық кездесу өткізілді.
Кездесуге Түркістан қалалық полиция басқармасының ҚҚБ ЮПТ УПИ полиция аға лейтенанты Б.Мейрханов және колледж директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Ш.Надирбаев қатысты.
Жиын барысында құқық бұзушылықтардың алдын алу, қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздікті сақтау мәселелері түсіндірілді. Атап айтқанда, соңғы қоңырау және аттестат табыстау іс-шараларын мейрамханаларда, кафелерде, банкет залдарында, демалыс орындарында, ойын-сауық орталықтарында және табиғат аясында өткізуге тыйым салынатыны ескертілді.
Сонымен қатар, аниматорлар, түрлі агенттіктер мен жеке студияларды тартуға, көлік жалдап шерулер ұйымдастыруға, таңды қарсы алу және алау жағу секілді іс-шараларды өткізуге қатаң тыйым салынатыны айтылды.
Кездесу соңында Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасын бұзған жағдайда әкімшілік жауапкершілік қарастырылатыны туралы түсіндірме жұмыстары жүргізілді.

#

Comments are closed