📆 2026 жылдың 22 мамыр күні «Түркістан Ахмет Ясауи» кәсіби колледжінде 2025-2026 оқу жылын қорытындылау мақсатында кең көлемде ата-аналар жиналысы өткізілді.
Жиналыстың күн тәртібінде студенттердің білімі, тәрбиесі және қауіпсіздігіне қатысты өте маңызды мәселелер талқыланды:
1️⃣ Емтиханға дайындық: Директордың оқу жұмысы жөніндегі орынбасары Д.Еркебалаев алдағы жазғы сессияның өткізілу үрдісі, емтихан ережелері және студенттердің дайындық деңгейі туралы толық ақпарат берді.
2️⃣ Құқықтық сауаттылық және қауіпсіздік: Жиынға арнайы қатысқан Түркістан ҚПБ ҚҚБ ЮПБ учаскелік полиция инспекторы, полиция аға лейтенанты Б. Мейірханов жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу, түнгі уақытта көшеде жүрмеу және қауіпсіздік ережелерін сақтау бойынша түсіндірме жұмыстарын жүргізді.
3️⃣ Жазғы демалыс пен ішкі тәртіп: Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Ш.Надирбаев студенттердің жазғы демалыс уақытын тиімді әрі пайдалы ұйымдастыру, сонымен қатар колледждің ішкі тәртіп ережелерінің маңыздылығына тоқталып өтті.
Жиын соңында ата-аналар көкейкесті сұрақтарын қойып, ұсыныс-пікірлерімен бөлісті. Бала болашағы – оқу орны мен отбасының бірлескен жұмысының жемісі. Жиналысқа белсенді қатысқан барша ата-аналарға алғыс білдіреміз! Студенттерімізге алдағы емтихандарда сәттілік тілейміз!

#

Comments are closed