Бүгін колледжімізде «Жаңа Қазақстан: білім, технология және тұрақты даму – болашақ маман көзімен» тақырыбында ғылыми-тәжірибелік конференция өтті.
Аталған іс-шара білім алушылардың ғылыми ізденісін арттырып, заманауи талаптарға сай ой-пікір қалыптастыруға бағытталды. Конференция барысында студенттер өз жобаларын ұсынып, білім, технология және тұрақты даму салаларындағы өзекті мәселелерді талқылады.
📌 Қатысушылар:
🔹 Өз ғылыми жұмыстарын қорғады
🔹 Жаңа идеялар мен тың ұсыныстарымен бөлісті
🔹 Тәжірибе алмасып, пікірталас алаңында белсенділік танытты
🔎 Конференция қорытындысы бойынша ұсынылған жұмыстарды қазылар алқасы жан-жақты сараптап, нәтижелері алдағы уақытта хабарланатын болады.
Білім мен ғылым тоғысқан орта – жарқын болашақтың кепілі!

#

Comments are closed