Бәлкім, алғыс айтатын сөз көп, бірақ оның бәрін бір жазбаға сыйғызу мүмкін емес шығар. Осы жылдардағы еңбегіңізді, қолдауыңызды, колледж үшін атқарған жұмыстарыңызды бір ауыз сөзбен бағалау да оңай емес.
Біз үшін Сіз – осы колледждің бүгінгі биігіне жол ашқан, оның абыройын асқақтатқан, талай жанның кәсіби жолына бағыт-бағдар берген басшысыз.
Қызмет жолыңыздың жаңа кезеңіне қадам басқалы тұрсыз. Қай жерде жүрсеңіз де, еңбегіңіз бағаланып, абыройыңыз арта берсін! Жаңа бастамаларыңыз сәтті, жолыңыз ашық болсын! Отбасыңыз аман, деніңіз сау, көңіліңіз әрдайым шат болсын!
Бірге өткен жылдар, атқарылған жұмыстар, бағындырған белестер – бәрі де біздің ортақ тарихымыз болып қала береді.
Қызмет аяқталуы мүмкін, бірақ еңбектің ізі өшпейді. Лауазым өзгереді, бірақ адамға деген құрмет өзгермейді.
«Адамның артында қалатын ең үлкен байлығы – өзі салған сарайы емес, өзі қалыптастырған орта мен жүректерде қалдырған ізі». ❤️
СІЗГЕ МЫҢ АЛҒЫС! ЕҢБЕГІҢІЗГЕ ТАҒЗЫМ, ТҰЛҒАҢЫЗҒА ҚҰРМЕТ!
ІЗГІ НИЕТПЕН, КОЛЛЕДЖ ҰЖЫМЫ ❤️

Comments are closed